Бегущая строка • Современная школа-лицей – это место, где ребенок накапливает опыт широкого знания ru
Авторизация
AA+
7 школа
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 7" отдела образования города Уральск управления образования акимата Западно-Казахстанской области"
Бегущая строка • Современная школа-лицей – это место, где ребенок накапливает опыт широкого знания ru
7 школа
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 7" отдела образования города Уральск управления образования акимата Западно-Казахстанской области"

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.17): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/p.testim.kz/11.p.testim.kz/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

                                                                 

                                                                     

Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Облыс орталығы

Облысы

Батыс Қазақстан облысы

Әкімі

Мұрат Бәйменов

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°14′ с. е. 51°22′ ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар51°14′ с. е. 51°22′ ш. б. (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1584 жыл

Қала статусы

1613 жыл

Жер аумағы

700 км²

Климаты

қатаң-континенталды

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

253 757[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар 70,57 %
орыстар 25,13 %
татарлар 1,50 %
украиндар 0,90 %
басқалары 1,9 %[2]

Этнохороним

оралдық оралдықтар

Ресми тілі

қазақ тілі

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 7112

Пошта индекстері

090000—090013

Автомобиль коды

L,07

Орал (орыс. Уральск; 1774 жылға дейін - Яицкий қалашығы) — Батыс Қазақстан облысының орталығы (1932 жылдан), ірі темір жол станциясы, Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Қала Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан.

Тарихы

Орал қаласының орнында бұдан бірнеше мың жыл бұрын скиф, ғұн, авар, печенег және қыпшақ тайпаларының мекен-тұрақтары болған. Бұл тайпалардың көсемдері мен жауынгерлері жерленген шағын қорымдар мен қорғандар қазір де кездеседі. Орал қаласының жергілікті қазақтар арасында ерте заманнан қазірге дейін “Теке” аталуының себебі, Алтын Орда хандары жанында уағыз тарататын Алшын Хасан сопы (Асан қайғы болуы да мүмкін) ӘбдірахманӘбдіразақ шайқылардың ұйымдық сипат белгісі – тәкие немесе мүридтер және ел кезген дәруіштер аялдайтын кәделі орын (резиденция) тәкие үйлерінің болуына байланысты. Орыстар Жайық бойына 15 ғасырдың аяғы 16 ғасырдың бас кезінде келе бастады. 17 ғасырдың 1-ширегінде Ноғай хандығымен шекарада шағын әскери бекініс-тірек ретінде Жайық қалашығы салынды. Ол 1613 ж. қазіргі Орал қаласының орнына көшірілді. 18 ғасырдың бас кезінде Жайық қалашығында 3 мыңға жуық үй болды. Олар негізінен Старица (Жайықтың бұрынғы арнасы) және Шаған өзендерінің бойына орналасты. Қаланың негізгі тұрғындары – казак-орыстар болған. Олар әлеуметтік жіктелудің нәтижесінде кедейлер (голытба) мен байлар (домовитые) болып бөлінді. Жайық казак-орыстары Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне (1773 – 1775) қатысты. Жайық қалашығы ІІ Екатеринаның 1775 жылы 15 қаңтардағы жарлығымен «Орал қаласы», ал оның тұрғындары «Орал казактары» болып аталды. Орал қаласының неғұрлым ежелгі бөлігі Михайло-Аргангельск ғибадатханасының оңтүстігінде орналасты. Ғибадатхана – Орал қаласының тарихи ескерткіші (1741 – 51 ж. салынған). Қала бірнеше рет (1739, 1751, 1821, 1879) өртке ұшырады. Сырым Датұлы бастаған (1783 – 1797) халық көтерілісі,Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары Орал қаласы мен Жайық өңіріне ерекше із қалдырды. 1846 ж. қалаға айрықша құқықтар беріліп, үлкен қалалар санатына қосылды. 1869 ж. Орал облысы құрылып, қала облыс орталығына айналды. Қала тарихында социалды-демократиялық үйірменің құрылуы (1902), 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс (С.Меңдешев, Ә.Әйтиев, т.б.), Кеңес өкіметінің орнауы (1918 ж. 3 қаңтарда), ақ казактарға қарсы Орал қорғанысы (1919 ж., сәуір – шілде, М.Фрунзе), т.б. елеулі оқиғалар болып өтті. 1919 ж. 1-сәуірде Оралда Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары кеңестерінің 1-сайлауы өтті. 1920 ж. Орал губерниясы қалаға айналды. Кеңес өкіметі жылдарында Оралдың экономикасы жедел қарқынмен дамып, республикадағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. 1925 ж. Жайық өзені мен Орал – Атырау арасында тұрақты кеме қатынасы және 1923 ж. Орал – Елек темір жолының ашылуы қаланың экономикалық жағдайын жақсартты. Одан кейінгі жылдары (1950 – 1990) Орал қаласында ірі машина жасау және металл өңдеу, құрылыс материалдарын өңдеу, жеңіл және тамақ өндірістері, медициналық препарат зауыттары, т.б. 200-ден астам нысан салынды, көлік жүйелері дамыды.

Климаты

Қала климаты өткір континенталды: құрғақ әрі ыстық жаз және аз қарлы, желді суық қыс

  • Орташа жылдық температура - +6,2 °C
  • Орташа жылдық жел жылдамдығы - 2,9 м/с
  • Орташа жылдық ауа ылғалдығы - 70 %