Галактика

Галактикалар — әлемді құрайтын, өлшемдері өте үлкен жұлдыздар жүйелері. Ғаламның бізге байқалатын бөлігіндегі галактикалар жиынтығын кейде метагалактика деп атайды. Басқа галактикалардан өзгешелініп, біздің Галактика бас әріппен жазылады. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда сфералық, эллипстік, спираль және бұрыс пішінді галактикалар ажыратылады. Біздің Галактика спираль түріне жатады, құрамына 1011 астам жұлдыздар кіреді, үлкен диаметрі 80 мың жарық жылындай, ал орталығындағы максимал қалыңдығы 16 мың жарық жылына тең, шетіне қарай 3–6 мың жарық жылына дейін азаяды. Галактикалар кеңістікте әркелкі бөлініп, топтар мен шоғырлар құрайды. Біздің Галактика басқа 15 галактикамен бірге галактикалардың жергілікті тобы деп аталатынды құрайды. Бізге ең жақын орналасқан деген галактикалар – Магеллан бұлттары мен Андромеда тұмандығы.[1]
Анықтамасы
Галактика — жұлдыздар мен жұлдыздардың шоғырлануы, жұлдызаралық газдар мен тозаңнан және түнек материясынан құралған алып, гравитациялық байланысқан жүйе.
Галактика түрлері
Галактика түрлері — өткен ғасырдың 20-жылдары Э.Хаббл галактикаларды пішіні бойынша бөлген үш топ. Жұлдыздары спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар, эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар және белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар. Біздің галактика спиральдық галактикалар қатарына жатады. Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан пайда болады. Қазіргі ғаламат Әлем тығыздығы шексіз үлкен, ал көлемі шексіз кіші нүктедей ғана белгісіз заттың жарылысынан пайда болған.
Ақын - трибун. Ақын -лирик
«Ақын - трибун. Ақын -лирик» атты мәдени іс-шара Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері ақынның жарқын өмір жолымен және сан салалы шығармашылық қызметімен танысты.
Валерий Ободзинскийдің музыкалық кеші
Эстрада әншісі, РСФСР-дің еңбек сіңірген әртісі Валерий Ободзинскийдің туған күніне арналған музыкалық кеш өтті.
Булгаков: 135 жыл шабыт
Шафер музейіндегі мерекелік кездесу
Мәдениет жарығы - жан жарығы
18 мамырда сағат 12: 00-де Наум Шафер мұражай үйі Халықаралық мұражайлар күніне және Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шараға шақырады.
Михаил Булгаков және Наум Шафер: дәуірлер мен идеялардың кездесуі
15 мамыр күні сағат 15: 00-де Наум Шафер мұражай үйі XX ғасырдың ең сиқырлы және тамаша жазушыларының бірі Михаил Булгаковтың туғанына 135 жыл толуына арналған әдеби кешке шақырады.
Соғыс жылдарының ұмыт қалған әндері